"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ ережесі

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы №А-7/318 қаулысымен бекітілді

 

 

«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ) Ақмола облысының аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.     
  2. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ ведомстволары жоқ.
  3. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өз қызметiн Қазақстан   Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ құрылымы мен штат санының
    лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
  10. Осы ереже «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12.   Кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

           Егер заңнамалық актілермен кіріс  «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мiндеттерi:

энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;

коммуналдық қызмет көрсету саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету (электр-, жылу-, газ-, сумен жабдықтау, су бұру).

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

         1) барлық деңгейдегі ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің  саласына қатысты ақпараттарды белгіленген тәртіп бойынша сұрату және алу;

2) өз құзыреті аясында құжаттарды басып шығаруға және оларды қандай меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға тарату.

2)міндеттері:                

1) әлеуметтік сала және коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

  1. Функциялары:

1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

2) «Табиғи монополиялар туралы» ҚРЗ-ң   5-бабы 1-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіту және оған өзгерістер  енгізу;

3) «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес  инвестициялық бағдарламаны    бекітуден  өкілетті органмен бірге  бас тартуды қабылдау;

4) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;

5) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;

6) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміндегі табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша, ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жіберу;

7) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту және олар бекітілгенге дейін бір ай бұрын жария тыңдаулар өткізу;

8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын уәкілетті органмен келісу және бекіту;

9) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

11) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау;

12) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;

13) уәкілетті органға облыстың сұйытылған мұнай газын тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;

14) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың номативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;

15)  жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеуді бекіту;

16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері  жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу;

17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;   

18) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;

19)  тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын әзірлеу;

20) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жерлеудің және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

21) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

22) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарын отын сатып алуға шығындарын субсидиялау;

23)  коммуналдық меншіктегі су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін салу мен пайдалануды ұйымдастыру;

24) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін әзірлеу;

25) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метріне төлемақының көлемін әзірлеу;

26) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асырады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басқаруды бірінші басшысы жүзеге асырады, ол  «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.                   
  2. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
         1) «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

2) Заңнамаға сәйкес «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) мемлекеттік мекемелерде, басқа да ұйымдарда «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ атынан өкілдік етеді;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауап береді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ  бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1.   Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

              

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.   «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,   сондай-ақ  өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Дата публикации
02 сентября 2024