Ақмола облысы бойынша өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия құру тұралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2018 жылғы 12 қазанда № 17541 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы бойынша өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
  2. Ақмола облысы бойынша өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже осы қаулының 2-қосымшасына бекітілсін.
  3. Осы қаулысының 3-қосымшаға сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің қаулылар күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.М. Рамазановқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 августа 2024