Мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ-да оң немесе теріс жарияланымдар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік медиа ақпаратындағы аккаунттарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін материалдар анықталған жоқ.
Басқарма қызметкерлері, жеке және заңды тұлғалар тарапынан жазбаша хабарламалар, сондай-ақ басқа көздерден тікелей басшыларға немесе басқарма басшысының атына келіп түскен ақпараттар туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы болған жоқ. Қызметтік этиканы бұзу фактілері бойынша мемлекеттік қызметшілер, жеке және заңды тұлғалар тарапынан басқарманың әдеп жөніндегі уәкіл атына ауызша және жазбаша өтініштер басқа көздерден түскен жоқ.
Конкурстық рәсімдерді тұрақты негізде өткізу кезінде конкурстық комиссия отырыстары жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын бос лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ.
Қызметтік әдептілік нормаларын сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуал жай-күйі мониторингі бойынша анонимді сауалнама жүргізілді, 15 қызметкер қамтылды. Жалпы алғанда, сауалнама нәтижелері оң.
Басқарманың қызметтік этика нормаларын бұзуға жол берген және тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілері жоқ.
Басқарманың барлық қызметкерлері ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді. Базаға сәйкес соттылық басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл төртінші үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Ақмола облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесінің және «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) басшысының 22.06.2022 ж. №01-15/15 жұмыс тобының бұйрығының негізінде Ақмола облысының 2022 жылғы 28 маусымға дейін 2022 жылғы 1 қаңтар мен 20 маусым аралығындағы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.