Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 23 маусымдағы №А-7/316 өзгеріс енгізу

«Ақмола облысында есептеу аспаптары

 жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау,

электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су

бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі

коммуналдық көрсетілетін қызметтерді

тұтыну нормаларын бекіту туралы»

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы

23 маусымдағы №А-7/316 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару           және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы №А-7/316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5480 болып тіркелген) мынадай өзгеріс  енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

4-тармақ осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жарияланғаннан кейін Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң бірінші орынбасары М.С. Тәткеевке жүктелсiн.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Ақмола облысының әкімі    

      

 

Е. Маржықпаев



Дата публикации
19 сентября 2022