Ақмола облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін айқындау жөніндегі қорытындысы

Төлем мөлшерін белгілеуге ел бойынша ең төменгі тарифтің шегінде және облыс бойынша орташа тарифтен жоғары емес жол беріледі.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері 15 жыл бойы 30 (отыз) теңгені (үйлерде немесе пәтерлерде суды есепке алудың жеке аспаптарымен жарақтандырылған ішкі сумен жабдықталған су пайдаланушыларға) және 40 (қырық) теңгені (сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға) құрағанын ескере отырып, теңгерімдік тиесілілігінің шекарасында орналасқан және суды есепке алудың бірыңғай аспаптарымен жарақтандырылған ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысы), сондай-ақ ауыз суды тиімді пайдалану мақсатында Су ресурстарының тапшылығын тарифті кезең-кезеңімен 30-40 теңге/м3, яғни 60-80 теңге/м3 ұлғайту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, халық арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін 2021 жылғы 31 қазанға дейін төлемақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалып, кейіннен халық үшін ауыз судың бір текше метрі үшін тарифті (2021 жылғы 1 қарашадан бастап) кезең-кезеңмен ұлғайтады:

  1. суды есепке алу аспабы бар ауыз суды тұтынушылар үшін - 60 теңге;
  2. суды есепке алу аспаптары жоқ ауыз суды тұтынушылар үшін - 80 теңге.

Қорытындының толық мәтіні - "жүктеуге арналған файлдар"қосымша бетінде

Дата публикации
13 октября 2021