Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеуге әлеуметтік-экономикалық талдау

Ақмола облысы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі жоғары деңгейдегі ҚР өңірлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар облыстың өзін-өзі жұмыспен қамтыған халқының құрылымында өнімді жұмыспен қамтылғандар басым (88%). Өңірде өнімсіз жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 12%-ды немесе 16,1 мың адамды құрайды.

2018 жылы Ақмола облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды,  2019 жылы - 4,7% - ды құрады.

2021 жылғы II тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша 418,6 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 398 мың адам жұмыспен қамтылды. 15 және одан жоғары жастағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі 71,2%-ды құрады. Жұмыссыздар саны 20,6 мың адамды құрады, 2021 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.

2022-2024 жылдары жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға жетеді деп жоспарлануда.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 4154 жұмыссыз тіркелген.

01.07.2021 ж.жағдай бойынша облыста 11239 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 63% (17303). Оның ішінде тұрақты  7082 жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 69,6% (10178).

Кедейлік шегінен төмен тұратын 10362 аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 463823,9 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Жыл басынан бері 825 азаматқа 16179,7 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.

2020 жылға бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2018 жылмен салыстырғанда (121 361 теңге) 168 302 теңгені құрады немесе 38,7%-ға өсті.

2021 жылғы қаңтар-маусымда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 195 009 теңгені немесе 2020 жылға қарай 115,9%-ды құрады. Кейіннен 2024 жылға қарай орташа айлық номиналды жалақыны кезең-кезеңімен 25,7%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 2018 жылы 80 809 теңгені құрады, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 114 919 теңге, бұл 42,2%-ға өсуді құрады. 01.09.2021 жылғы жағдай бойынша халықтың табысы 106 605 теңгені құрады.

Облыста ауыз суды таратумен қызметі реттелетін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын 27 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде 10 кәсіпорын ғана субсидия алады, 17 кәсіпорын субсидияланбайды және халықтан төлем мөлшері 85,0-ден 1874,9 теңге/м3 құрайды. Өз кезегінде кәсіпорындарға субсидиялаусыз қызмет көрсету жүзеге асырылатын елді мекендер Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді қабылданған шарттық міндеттемелерге сәйкес ай сайын жүргізеді.

Қазіргі уақытта алдын ала есептеулер бойынша облыс бойынша орташа тариф ҚҚС-сыз 235,41 теңге/м3 (ҚҚС-сымен 258,58 теңге/ м3) құрады.

Статистикалық деректерге сәйкес киім мен аяқ киімге, тұрғын үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына тұтыну бағаларының индексі 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда 104,3%-ды құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 2,4 көрсеткіш аз.

01.09.2021 жылғы жағдай бойынша коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешек 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда төмендеді (2,8 млрд.теңге) төмендеді және 1,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде мерзімі өткен – 594,7 млн. теңге.  Бұл ретте, тұтынушылармен мерзімі өткен берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту қажет.

Сондай-ақ, халықты сумен жабдықтау қызметтеріне арналған орташа тариф 235,41 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) құрайтынын ескере отырып, пайдалану үшін жоспарланған тариф мөлшері орташадан 74,5%-ға төмен.

Дата публикации
13 октября 2021