Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Электр энергетикасы туралы Заңға сәйкес, электр және жылу энергиясын жеке тұтынушыларды қоспағанда электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және белгілі мерзімде Әзірлік паспортын алуға міндетті екенін атап өтеді.
Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес, белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан (МВт) жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 килоВольт (кВ) электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын және одан жоғары мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Заңның 6-бабының нысандары бойынша және осы Қағидалардың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес береді.
Осылайша, әзірлік паспортын алу үшін құжаттарды алу қағидаларына сәйкес, жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын атап өту қажет, яғни www.egov.kz порталы арқылы іске асырылады.
Бұдан басқа, өңірдің энергетикалық кәсіпорындары күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті бағалау жөніндегі комиссияны 1 тамыздан бастап құрады.
Қағидалардың 32-тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті алушылар үшін әзірлік паспортын алу мерзімі - жыл сайын 19 қазанды қоса алғанға дейінгі мерзім болып белгіленді.
Департамент Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 301-бабына сәйкес, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайдағы жұмысқа Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Көрсетілетін қызметті алушыларға байланысты туындаған барша мәселелр бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша: Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230, № 22-23 кеңсе немесе 7 7162 25 78 67, 25 13 16 телефондар арқылы жүгінуге болады.
Департамент басшысы Әділжан Укпенов