«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР заңының 44-бабына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Көкшетау қаласында конализациялық тазарту құрылғыларын жобалау, салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
Кәсіпкерлік субъектілерін, қаржы және өзге де ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауға тарту, жоспарлаудың ашықтығын арттыру мақсатында осы арқылы Жобаны іске асыру бойынша тікелей келіссөздерге келіп түскен сұрау салу туралы хабарлайды.
Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
Жоба Көкшетау қаласында конализациялық тазарту құрылғыларын жобалау, салу және пайдалануды көздейді.
Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.
Мемлекеттік қолдау шаралары – инвестициялық шығындарды өтеу, пайдаланганы үшің сыйақы.
Жобаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері – 5 жыл.
Қызметтерге нақты қажеттілік: 50 000 м3/ тәулігіне.
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі:
Жоба техникалық жағынан күрделі.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсыныс ұсынады, сондай-ақ зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне жобаны іске асыру үшін қажетті құқыққа ие болуы тиіс.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге баламалы ұсынысты ұсынады.
Жоспарланып отырған жоба туралы толығырақ ақпаратты «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ ресми сайтынан алуға болады.
Әлеуетті жекеше әріптестердің баламалы ұсыныстар мен құжаттарды ұсыну күні, орны және уақыты:
Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарлама жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 60 күн мерзімде қағидаларға сәйкес әзірленген баламалы ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Ұйымның атауы: «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.
Қызығушылық білдіру өтінішін ұсыну орны, күні және уақыты:
Осы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдірген жағдайда тұлға қажетті құжаттарды келесідей мекенжай бойынша:Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, 2021 жыл 1 қазан 13-00-ге дейін ұсынуы керек. тел. 8 (7162) 29-80-00, e-mail: energy@aqmola.gov.kz