Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мынадай заңнамалық өзгерістер көзделген.
Өз кезегінде, қарапайым пара алуды ауыр санатқа ауыстыру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен парақорлыққа делдалдардың сыбайлас жемқорлық үшін жазасы қатаңдатылды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьяларды сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату ҚК-нің 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптарын енгізу арқылы іске асырылды.
ҚК-нің 367-бабына қатысты («пара беру»):
ҚК – нің 367-бабының бірінші бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза 3 жылдан 5 жылға дейін, осы баптың екінші бөлігі бойынша (айтарлықтай мөлшерде пара беру) - 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Осылайша, айтарлықтай мөлшерде пара беру ауыр қылмыстар санатына өтеді, бұл өз кезегінде:
Өз кезегінде, қарапайым пара алуды ауыр санатқа ауыстыру – «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабы 4-тармағына сәйкес күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІШ жүргізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды ҚІБ-ға енгізілген тыйымға сәйкес пара берушілерді ҚІБ бойынша босату мүмкіндігінен айырады;
-ҚК-тің 46-бабына («бас бостандығынан айыру») енгізілген түзетулерге сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде (қоныс-колонияларда) бірден жазасын өтеу мүмкіндігінің күшін жояды.
Тиісінше, ҚК-тің 367-бабы 3 және 4-бөліктері бойынша сотталған адамдар дереу колония-қоныста ҚІБ-ға және жазасын өтеуге тыйым салу түріндегі осындай салдарға ие болады.
Бұдан басқа, ҚК-тің 367-бабының барлық бөліктерінде бірнеше еселенген айыппұл мөлшері ұлғайтылды.
Анықтамалық:
бірінші бөлігі «10 еседен 20 есеге дейінгі көлемде пара» болған, енді «20 еседен 30 есеге дейінгі көлемде пара» болды;
екінші бөлігі «20 еседен 30 есеге дейінгі көлемде пара» болған, енді «30 еседен 40 есеге дейінгі көлемде пара» болды;
үшінші бөлігі болды «30 еседен 40 есеге дейінгі көлемде пара» болған, енді «40 еседен 50 есеге дейінгі көлемде пара» болды;
төртінші бөлігі болды «40 еседен 50 есеге дейінгі көлемде пара» болған, енді «50 еседен 60 есеге дейінгі көлемде пара» болды.
368-бапқа қатысты ("парақорлыққа делдал болу»):
ҚК-тің 368-бабы бірінші бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды, осы баптың екінші бөлігі бойынша (бірнеше рет не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған делдалдық) қолданыстағы санкция 6 жылға дейін сақталды.
Бұдан басқа, 368-баптың екі бөлігінде де айыппұлдың мөлшері көбейтілді.
Анықтамалық:
бірінші бөлігі болды «5 еседен 10 есеге дейінгі көлемде пара» болған, енді «10 еседен 20 есеге дейінгі көлемде пара» болды;
екінші бөлім: «пара сомасының 10 еседен 20 есеге дейінгі көлемде пара» болған, енді пара сомасының 20 еседен 30 есеге дейінгі көлемде пара» болды.
Осылайша, іс-әрекет ҚК-тің 368-бабы екінші бөлігі бойынша және қазір де ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылады.
Бұл ретте, ҚК-тің 368-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған адамдардың бірден қоныс-колониясында ҚІБ-ға және жазасын өтеуге тыйым салу түріндегі салдары болады.
Қазақстан Республикасы Энерргетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау
Комитетінің Ақмола облысы бойынша
аумақтық департаменті
(баспасөз қызмет )