«Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешiмi «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1- тармағы 33) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
Осы шешiм жобасын қабылдау мақсаты — «Ақмола облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 шешiмiмен бекiтiлген, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын «Жасыл екпелердi күтiп-ұстаудың және қорғаудың үлгiлiк қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 2019 жылғы 31 қазандағы № 817 бұйрығымен сәйкестiкке келтiру.
Қаулы жобасын iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржы шығындарын талап етпейдi.
Қаулы жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және / немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы ашық НҚА бөлiмi бойынша «Электрондық үкiмет» порталында орналастырылған.