Ақмола облыстық мәслихаты шешімі жобасы өңір аумағында жерлеу және жерлеу орындарын күтіп ұстау саласындағы қызметті реттеу мақсатында әзірленді.
Қазіргі уақытта аталған саланы реттеу фрагменттік сипатқа ие, жерлеуді ұйымдастыру тәртібін, зираттарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптарды, қабірлерді күту қағидаларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мамандандырылған ұйымдар арасында өкілеттіктерді бөлуді белгілейтін бірыңғай нормативтік құқықтық акт жоқ. Осыған байланысты аймақтық деңгейде құқықтық реттеуді жүйелеу қажеттілігі туындайды.
Жобаны әзірлеудің құқықтық негіздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық ережелері мен нормалары болып табылады.
Жобаның мақсаты Ақмола облысында жерлеу ісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері Жерлеу орындарын беру тәртібін белгілеу, зираттарды пайдалануға қойылатын талаптарды айқындау, мамандандырылған қызметтердің қызметін реттеу, қабірлерге тиісті күтімді қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген жерлеулердің алдын алу болып табылады.
Жобада жерлеуге жер учаскелерін бөлу, жерлеуді тіркеу және жерлеуді жүргізу тәртібін айқындау көзделеді. Сондай-ақ зираттарды күтіп-ұстауға, аумақтарды абаттандыруға және олардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленеді. Салттық қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдардың қызметі, сондай-ақ қабірлерді күту тәртібі реттеледі. Жерлеу орындарын ұстау ережелерін бұзғаны және зираттар аумағында өз бетінше әрекет жасағаны үшін жауапкершілік қосымша бекітіледі.