GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
23 октября 2026
Құрметпен шығарып салу - ізгі дәстүр

Көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіре отырып біздің ұйымда қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Абдрахманов Азамат Уәлиұлына жылы қошеметпен құрмет көрсетіліп, шығарып салу рәсімі өтті. Ол 10 жыл бойы ұйымның игілігі үшін адал еңбек етіп, кәсіби жолын жаңа жұмыс орнында жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Көп жылғы еңбегі, жоғары кәсібилігі және ортақ іске қосқан елеулі үлесі үшін ұжым атынан оған алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.
Ұжым Азамат Уәлиұлына бірге атқарған жылдардағы еңбегі, жауапкершілігі және өз ісіне деген адалдығы үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
Оған зор денсаулық, амандық-саулық, жаңа жұмыс орнында табыс және кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!

 

21 октября 2026
Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

2026 жылғы 21 қазанда Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ еңбек нарығын талдау және мониторинг секторының меңгерушісі М.Т. Бексеитовамен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕБЖ) деректердің сәйкессіздіктерін жою, қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Талқылау қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар келісілген шешімдер қабылданды.

21 октября 2026
Еңбек заңнамасы және электрондық кадрлық есепке алу мәселелері бойынша аудандық кеңес

2026 жылғы 20 қазанда Державинск қаласында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А.О. Абенованың төрағалығымен меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілердің қатысуымен, жалпы саны 120-дан астам адамды қамтыған аудандық кеңес өткізілді. Іс-шара еңбек заңнамасы саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды. Кеңес барысында бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік еңбек инспекторы Е.М. Рублевская сөз сөйледі. Өз баяндамасында мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс берушілердің назарын электрондық кадрлық есепке алуды жетілдіруге бағытталған hr.enbek.kz порталының функционалдық мүмкіндіктеріндегі жаңартуларды пайдалану қажеттілігіне аударды. Жаңа мәндерді қолдану еңбек қатынастары туралы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету, электрондық еңбек шарттарын уақтылы жаңарту және ақпараттық жүйелердегі деректердің сәйкессіздігі туындау тәуекелін азайту тұрғысынан практикалық маңызға ие екені атап өтілді. Сонымен қатар жұмыс берушілерге өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттарын жасасу міндеті түсіндірілді.

19 октября 2026
Қауіпсіздік нұсқамадан басталады: жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?

Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.

❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:

✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;

✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;

✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;

✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;

✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

⚠ Білу маңызды!

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.

Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!

#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК

16 октября 2026
⚖️ Өтініштен нәтижеге дейін: мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыскерлерге қалай көмектеседі?

Әрбір жұмыскердің жалақысын уақтылы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарының сақталуына құқығы бар.

Алайда іс жүзінде жұмыс берушінің жалақыны кешіктіруі, тиесілі төлемдерді төлемеуі, еңбек шартының талаптарын бұзуы немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауы сияқты жағдайлар кездеседі.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?

📌 1-қадам. Өтініш беріңіз

Жұмыскер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, оның ішінде e-Otinish порталы арқылы өтініш бере алады.

📌 2-қадам. Өтінішті қарау

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделейді, ұсынылған құжаттарды талдайды және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушіге тексеру жүргізеді.

📌 3-қадам. Тиісті шаралар қабылдау

Егер заңбұзушылықтар расталса, мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

📌 4-қадам. Орындалуын бақылау

Еңбек инспекциясының жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

Біздің міндетіміз – заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге ықпал ету.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаңыз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгініңіз.

#ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #ЖұмыскерлердіңҚұқықтарынҚорғау #ЕңбекЗаңнамасы #МЕИК

15 октября 2026
«МАК ӨСК» АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

2026 жылғы 15 қазанда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің ғимаратында «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның (МАК ӨСК) облыстық филиалының жаңадан тағайындалған директоры А.А. Нүгербековамен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар одан әрі өзара іс-қимылды нығайту мәселесіне ерекше назар аударды.

Бұдан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде өңір кәсіпорындарын мемлекеттік аннуитеттік компанияны басым әрі сенімді сақтандырушы ретінде таңдауға ынталандыру айқындалды. Бұл бағыт қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

13 октября 2026
Ақмола облысында еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша үшжақты комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 12 қазанда Ақмола облысының әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев баяндама жасады. Кездесу барысында қатысушылар өндірістік жарақаттану, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕБЖ) сәйкессіздіктер және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өндірістік жарақаттану фактілеріне жол берген кәсіпорындардың басшыларының есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша өңір кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылданды.

13 октября 2026
📌 Жұмыс беруші қызметкерді демалыс күндері жұмысқа тарта ала ма?

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, алайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

📖 ҚР Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға олардың жазбаша келісімімен немесе өздерінің өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

❗ Қызметкер нені білуі маңызды?

✅ Қызметкердің келісімі. Жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қызметкерді оның жазбаша келісімінсіз демалыс күні жұмысқа тартуға құқылы емес.

✅ Еңбекақы төлеу. ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.

✅ Басқа демалыс күні. Қызметкердің қалауы бойынша жоғарылатылған еңбекақы төлеудің орнына басқа демалыс күні берілуі мүмкін.

✅ Ерекше жағдайлар. Заңнамада қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға жол берілетін жекелеген жағдайлар көзделген.

⚖️ Есіңізде болсын: қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың белгіленген тәртібін сақтау – жұмыс берушінің міндеті.

📢 Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз және оларды қорғаңыз!

#ЕңбекҚұқықтары #ҚРЕңбекКодексі #ЕңбекИнспекциясы #ҚызметкерлердіңҚұқықтарынҚорғау #МЕИК #ҚРЕңбекМинистрлігі

09 октября 2026
Асқарбек Ертаев JOLTAP жобасын өңірлерге кеңейту тәжірибесін зерделеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астана қаласындағы JOLTAP әлеуметтік жобасының жұмысымен танысып, қысқа мерзімді оқытудың ұйымдастырылуын, сұранысқа ие даярлау бағыттарын және түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктерін зерделеді. Жоба тәжірибесі оны еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау ықтималдығына ұсыныстар әзірлеу аясында қарастырылуда.

Сапар барысында министрге сыныптар мен шеберханалар көрсетіліп, жұмыскерн және цифрлық бағыттар бойынша практикалық сабақтардың қалай өтетіні таныстырылды. Асқарбек Ертаев жоба қатысушыларымен және түлектермен әңгімелесіп, оқытудың басты нәтижесі адамға алған дағдыларын іс жүзінде қолдануға, жұмысқа орналасуға немесе өз бетінше табыс табуға мүмкіндік беруі тиіс екенін атап өтті.

«JOLTAP жобасы жақсы нәтижесін көрсетіп отыр. Қысқа мерзім ішінде адам сұранысқа ие дағдыларды меңгеріп, еңбек нарығына шығуға мүмкіндік алады. Оқыту жұмыс берушілердің қажеттілігі мен түлектерді кейінгі жұмыспен қамтуға байланысты ұйымдастырылған. Біздің міндетіміз – осы тәжірибені зерделеп, мұндай мүмкіндіктерді еліміздің барлық өңірінің тұрғындарына қолжетімді ету», – деді Асқарбек Ертаев.

JOLTAP өкілдері оқу бағдарламаларын қалыптастыру тәсілдері жайында айтты. Курстар жергілікті бизнестің қажеттіліктері мен кәсіпорындардың кадрларға деген сұранысын ескере отырып әзірленеді. Оқу тегін, 5 күннен 22 күнге дейін жалғасады және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген алаңдарда өткізіледі. Сабақтардың басым бөлігі практикалық сипатқа ие: оқытудың шамамен 80%-ы өндірістегі жұмыстарға бағытталған. Бұл ретте қатысушылар қажетті материалдармен қамтылады.

Жоба іске қосылғалы бері 30 курс ұйымдастырылған. Оның 19-ы жұмысшы, 11-і цифрлық бағытқа арналған. Биыл оқыту 18 мамандық бойынша жүргізілуде. Олардың қатарында тігінші, модельер-конструктор, тігін өндірісінің операторы, электргазбен дәнекерлеуші, электрмонтаждаушы, наубайшы мамандықтары, сондай-ақ графикалық дизайн, өнімді ілгерілету және бизнесте цифрлық құралдарды қолдану бағыттары бар.

JOLTAP әлеуметтік жобасының жетекшісі, Астана қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Дана Жүнісова тұрақты жұмыспен қамтылу үшін адамға көбіне өзара байланысты бірнеше дағдыны кешенді түрде меңгеру қажет екенін атап өтті.

«Болашақ тігіншіге пішу, модельдеу және тігу дағдыларын меңгеру маңызды. Ал өз бұйымдарын сатқысы келсе, оған тауарды әлеуметтік желілерде таныстыру, маркетплейстермен жұмыс істеу, есеп жүргізу және салық мәселелерін түсіну сияқты қосымша білім қажет болады. Сондықтан біз қатысушыларға қажетті курстарды кезең-кезеңімен өтіп, оқу орнынан жұмысқа немесе өз кәсібін бастауға дейінгі жеке бағытын қалыптастыруға көмектесеміз», – деді Дана Жүнісова.

Бүгінде JOLTAP жобасы аясында 22,3 мың адам қысқа мерзімді оқудан өтті. Жоба мәліметіне сәйкес, түлектердің 60%-ы жұмысқа орналасқан, тағы 23%-ы фриланс форматында еңбек етеді. 2 мыңнан астам қатысушы өз кәсібін ашып, жаңа жұмыс орындарын құрған.

Жоба түлектерінің қатарында алдымен тігін ісі бойынша білім алып, кейін қосымша бағыттарды меңгерген Айгерім Момышева да бар.

«Бастапқыда тігін тігуді үйренсем деген ниетпен келдім. Кейін маған басқа да дағдылар қажет екенін түсіндім. Қазір өзім ойыншықтардың дизайнын ойластырып, жасап, оларды маркетплейстер арқылы сатамын. Енді жобаға жаңадан келгендерге өз тәжірибеммен бөлісе аламын», – деді Айгерім Момышева.

JOLTAP жобасында оқыту аяқталғаннан кейін де қатысушыларды сүйемелдеу қарастырылған. Атап айтқанда, түлектер мен басқа да жұмыс іздеушілер үшін жұмыс іздеуге арналған JUMYSTAP платформасы құрылды. Қазір онда 42 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 5,3 мың жұмыс беруші бар. Платформада жалпы 6,5 мыңнан астам бос жұмыс орны туралы хабарландыру орналастырылған.

Сонымен қатар жоба түлектерді кәсіби қауымдастықтарға біріктіреді. Қатысушылар мұнда тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа кәсіби байланыстар орнатады, бірлескен жобалар мен тапсырыстарды бірге орындауға мүмкіндік алады.

Сапар барысында министр жобаның толық моделін – сұранысқа ие дағдыларды айқындау мен бизнес өкілдерімен бірлесіп оқу бағдарламаларын әзірлеуден бастап, практикалық даярлық пен түлектерді оқудан кейін сүйемелдеуге дейінгі кезеңдерін қарастырды.

JOLTAP тәжірибесін зерделеу нәтижесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әр өңірдің ерекшеліктері мен кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, жобаны ықтимал масштабтау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Бұл ретте негізгі назар оқытудың еңбек нарығындағы нақты сұранысқа сәйкестігіне және оның жұмыспен қамтумен байланысына аударылады. Жаңа кәсіпті немесе дағдыны меңгеру адамға жұмыс табуға, табысын арттыруға немесе өз кәсібін дамытуға нақты мүмкіндік беруі тиіс.

08 октября 2026
ЕШЕАБЖ-дағы мәліметтерді өзектендіріңіз

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті жұмыс берушілердің назарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттары туралы мәліметтерді уақтылы тексеру және өзектендіру қажеттігіне аударады. Бүгінде ЕШЕАБЖ-да шамамен 6,9 млн қолданыстағы еңбек шарты туралы мәліметтер қамтылған. Жұмыс берушілерге енгізілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын, оның ішінде қызметкер, лауазымы, еңбек шартының мерзімі, ауыстырулар, еңбек жағдайларының өзгеруі және еңбек қатынастарының тоқтатылуы туралы мәліметтерді тексеру ұсынылады. ЕШЕАБЖ-дағы өзекті мәліметтер қызметкерлердің еңбек қызметі туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелердегі сәйкессіздіктер санын азайтуға мүмкіндік береді. Заңнамада мынадай жағдайлар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз:
ЕШЕАБЖ-ға ақпаратты енгізбеу не белгіленген мерзімдерде уақтылы енгізбеу;
ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
ЕШЕАБЖ-ға анық емес және (немесе) қате ақпарат енгізу. Жұмыс берушілерге ЕШЕАБЖ-дағы мәліметтерді тұрақты түрде тексеріп, оларды уақтылы өзектендіруді ұсынамыз. ЕШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы мәліметтерді қазірден тексеріңіз — деректер толық, өзекті және дұрыс болуы тиіс.

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы