Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 19 қазан күні сағат 10.00-де Егіндікөл а. Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Егіндікөл ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2«Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»Егіндікөл аудандық мәслихат шешімінің жобасын Жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы
баспасөз -хабарламалары
Осымен «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2 «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Егіндікөл аудандықмәслихаты шешімінің жобасын (бұдан әрі - Жоба)әзірлегені туралы хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен және салыстырмалы кестемен бірге 2026 жылғы 02 кырқүйете жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15902887
Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі
қолжетімді болады
23 тамыз, Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс беру үшін сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеуге тұра алады. Бұл қызметті сайлау учаскелерінде халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді.
Дауыс беру күні еліміз бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның 221 учаскесінде ХҚКО қызметкерлері азаматтардың бір күндік тіркеуін рәсімдейді. Бұл өз кезегінде олардың сайлау құқығын жүзеге асырып, дауыс беруге қатысуына мүмкіндік береді.
Тіркеу тек дауыс беруге қатысу мақсатында бір күнге рәсімделеді. Келесі күні тіркеу автоматты түрде жойылады. Егер сайлау учаскесі мектепте, колледжде, университетте немесе басқа да мекемеде орналасса, азамат сол нысанның мекенжайы бойынша тіркеледі.
ХҚКО қызметкерлері сайлау учаскелерінде сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар өздерінің тіркелген мекенжайына сәйкес сайлау учаскесінде дауыс береді.
Сайлау учаскелерінің толық тізімімен және тиесілі учаске туралы ақпаратпен Орталық сайлау комиссиясының сайтынан онлайн режимде танысуға болады.
Егіндікөл ауданының әкімдігі 2026 жылғы 24 тамызда сағат 11.00-де Егіндікөл ауданы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі аудандық жер комиссиясының отырысы өткізілетінін хабарлайды онда жеке және заңды тұлғалардың Егіндікөл ауданы бойынша жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштері онлайн трансляция режимінде қаралатын болады
Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;
Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:
1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Егіндікөл ауданының әкімдігі 2026 жылғы 07 тамызда сағат 11.00-де Егіндікөл ауданы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі аудандық жер комиссиясының отырысы өткізілетінін хабарлайды онда жеке және заңды тұлғалардың Егіндікөл ауданы бойынша жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштері онлайн трансляция режимінде қаралатын болады
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы.
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 2026 жылғы 20 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 2026 жылғы 31 шілдеге дейін келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 8 705 63141 59.
Егіндікөл ауданының әкімдігі 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11.00-де Егіндікөл ауданы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі аудандық жер комиссиясының отырысы өткізілетінін хабарлайды онда жеке және заңды тұлғалардың Егіндікөл ауданы бойынша жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштері онлайн трансляция режимінде қаралатын болады
Егіндікөл ауданы әкімдігі cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Егіндікөл ауданы әкімдігі 2026 жылғы 1-8 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Егіндікөл ауданы әкімінің заң мәселелері жөніндегі кеңесшісінің міндетін атқарушы Н.П. Жанғазыеваға 2026 жылғы 1 шілдеге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-21-20.
«Egindikol ECO FEST-2026»
жастардың экологиялық акциясы
2026 жылғы 11 маусымда Егіндікөл ауданында экологиялық мәдениетті дамытуға, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған "Egindikol ECO FEST-2026" жастар экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Егіндікөл ауылының аумағында, жастар саябағында (Победа көшесі) өтті және көрші аудандардан келген жастар, белсенділер мен қонақтарды біріктірді.
Фестиваль бағдарламасы бірқатар тақырыптық және мәдени-спорттық іс-шараларды қамтыды. Негізгі оқиға "Жасыл аудан" экологиялық акциясы болды, оның аясында қатысушылар Егіндікөл ауданынының көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып, ағаш отырғызуға қатысты.