"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік салада проактивті қызметтерді белсенді түрде енгізуді жалғастырып келеді. Бұл форматтың арқасында клиенттер ХҚКО-ға бармай-ақ, SMS арқылы бірнеше жәрдемақыны рәсімдей алады. Әлеуметтік саладағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – бала туу және оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақыларды ресімдеу. Бала өмірге келгеннен кейін оның анасына жәрдемақы бойынша өтініш беру үшін SMS-хабарлама келеді.
Осылайша, 2022 жылдың кейінгі бес айында бала туу және бала күтімі бойынша 152 298 мың жәрдемақы белсенді түрде ресімделді, бұл 2021 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп (66 894 мың). Айта кетейік, бала туу бойынша жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты жәрдемақы – 120 840 теңге (2022 жылы 38 АЕК), одан кейінгілеріне – 200 340 теңге (63 АЕК) болады. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы:
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі (босанғаннан кейін) күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдерге ғана тағайындалады. Төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа да байланысты болады.
Жәрдемақы төмендегідей есептеледі: