Меню

Страницы

Статья

Байқау

Байқау

Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі кітапханасының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 207918 теңгеден басталады.

Лауазымдық міндеттері: - кітапхананың өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдердің орындалуын, кітапхана қорының сақталуын, толықтырылуын және оның теңгеріміндегі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; - кітапхана қызметінің саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды; - заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды; - бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұйымның мүддесін білдіреді; - құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін кітапханалық қызмет көрсетуді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды.; - ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды; - ұжымдық шартты әзірлеуді, жасауды және орындауды, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді; - кітапхана қызметіне қатысты мәселелерді шешеді, директордың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер, тілдер және әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет, құрылыс, машина жасау) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім) және мәдениет ұйымдарында басқарушы персонал лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының "ҚР мәдениеті туралы", "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР авторлық құқығы және сабақтас құқықтары туралы", "ҚР Мемлекеттік мүлкі туралы", "ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдары, және мемлекеттік тілді білуі тиісті.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер келесі құжаттарды тапсырады: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы болған жағдайда, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.    

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар, конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық «Алтын астық» газетінде және интернет-ресурста (Егіндікөл ауданы әкімдігінің сайты) соңғы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 020600, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 6, Еmail: egin_ovp@aqmola.gov.kz ,байланыс телефондары: 8(71642) 79-0-14, 8(71642) 2-15-90.

 

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2022
Дата обновления
04 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы