Меню

Страницы

Статья

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізу

 Зейнетақы мен жәрдемақыны бірнеше жолмен төлеуге болады деп Ақмола облысы азаматтарына арналған үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАК төлемдеріне қатысты.​

Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар «Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақыны ұсыну, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру, мүгедектік бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар туралы ережелеріне сәйкес» зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді Мемлекеттік корпорация келесі жолмен төлейді білуі керек:

- зейнетақы мен жәрдемақы беру бойынша уәкілетті ұйымдағы банктік шоттарға жіберу;

- «Қазпочта» АҚ филиалдары арқылы алушыларға үйлеріне жеткізу.

Алушының банктік шотының нөмірі, төлем әдісі (жеке немесе карт-шот арқылы), алушының (қорғаншы, қамқоршы) тұрғылықты мекенжайы өзгерген жағдайда, тиісті өзгертулерді растайтын құжаттармен бірге осы өзгертулер туралы өтініш Мемлекеттік корпорацияның филиалына алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) береді.

Зейнетақы мен жәрдемақылары келесі санаттарға жеткізілуі мүмкін:

- мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;

- сексенге толған зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға;

- бірінші топтағы мүгедектер;

- сыртынан күтімді қажет ететін және денсаулығына байланысты қатыса алмайтындығы туралы медициналық анықтамасы бар адамдарға, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтындарға;

- автоматтандырылған пошта бөлімшелері болмаған кезде ауылдық жерде тұратын адамдарға.

Айта кету керек, зейнетақы немесе жәрдемақы есептеу үшін қарастырылған жеке немесе карт-шот алушының атында болуы керек. Үшінші тұлғаларға 20 сандық шоттың ашылуы туралы хабарлама берілмейді.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығының телефоны - 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» (тегін қоңырау).

Дата публикации
31 марта 2022
Дата обновления
31 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы