Меню

Страницы

Статья

Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу

Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

мына мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар екендігін еске түсіреді:

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

- мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

- асыраушысынан айырылу себебі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

- жерлеуге арналған бір жолғы төлем

- мүгедек баланы күтуші анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) арналған жәрдемақы

- бала туу бойынша және баланың бір жасқа толуына дейінгі баланы күту бойынша жәрдемақы

- бала кезінен бірінші топ мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы

- "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы

- арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік тәуекелдер – жұмыстан айырылу, баланың бір жасқа толуына дейінгі күтуіне байланысты жұмыстан шығу жағдайларына қатысты әлеуметтік төлемдер

eGov порталы арқылы, Telegram-bot - @EgovKzBot2.0 арқылы, eGovMobile қосымшасы арқылы (AppStore/GooglePlay). Берілген функция желіні қолданушылардың барлығына, әлеуметтік төлемдерді беруге құқығы бар және жеке электрондық цифрлік қолы бар адамдарға қол жетімді (ЭЦҚ).

Электрондық порталға тәулік бойы хабарласуға болады. Электрондық үкімет порталы арқылы 2021 жылда Ақмола облысы бойынша әлеуметтік сала бойынша 6310 мемлекеттік қызмет көрсетілген, бұл жалпы мемлекеттік қызмет көрсету санынан 10.2 % құрайды.

Электрондық портал арқылы мемлекеттік қызмет алудың артықшылығы кезектің болмауы және мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта рәсімдеу мүмкіндігі болып табылады.

 

Дата публикации
22 февраля 2022
Дата обновления
22 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру
Ақпарат
19 октября 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы