Қазақстан Республикасы
экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ
2021 жыл бойынша мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Егіндікөл а., Жеңіс көшесі, 6, тел: 8 (716 42) 2-13-31, 2-11-05.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес 2021 жылы бөлім мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетті, соның ішінде:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».
Жылдық есеп қоса беріліп отыр.
Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді.
2) 2021 жылы мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат: мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларына ұсыныстар, ескертулер және түсініктемелер –
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: электрондық/қағаз.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 22 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2) 2021 жылғы маусымда Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша тексеру жүргізді. Бақылау іс-шарасын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылуы анықталған жоқ.
3) 2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында бөлім мақсатты жұмыстар жүргізеді, 2021 жылы бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.