Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6, тел: 8 (716 42) 2-16-12, 2-13-50.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлімде 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2021 жылы кезінде 353 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
ХҚКО - 40, ЭҮП - 313.
- жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 10 түрі бойынша 132 қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бойынша 0 қызмет, электронды нысанда 132 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін барлық қызметтер тегін негізде көрсетілді, ақылы қызметтер жоқ.
- ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 5 түрі бойынша 221 қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бойынша 40 қызмет, электронды нысанда 181 қызмет. Үш қызмет ақылы,бір қызмет тегін негізде көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілді:
- жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен.
ауылшаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 2015 жылғы 20 шілдесіндегі № 11702 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген.
ауылшаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268. 2015 жылғы 21 шілдесіндегі № 11708 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген.
ауылшаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 257. 2020 жылғы 20 тамыздағы № 21115 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген.
ауылшаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269. 2015 жылғы 20 тамыздағы № 11710 Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген.
3) Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызметтер:
- «Жерге орналастыру жобаларын бекіту жер учаскелерін қалыптастыру» - 94 қызметтер.
1) «Егіндікөл ауданы ауылшаруашылығы,жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО Егіндікөл филиалындағы ақпараттық стендтер, сондай-ақ Егіндікөл ауданы әкімінің вебсайтындағы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар жүргізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізу: Facebook, Instagram, VK әлеуметтік желілерінде орыс тілінде 2 мақала жарияланды
1) 2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру – жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ
Ауыл әкімі аппаратында, аудан әкімінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізіледі;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша аппараттық кеңес өткізілді:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, бөлімнің маманымен семинарлар өткізу;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін азайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);
- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Аудан әкімі аппаратымен аппараттық кеңестерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру туралы тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді .