Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы «Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі.

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша 

 

 

2021 жылғы  «Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі.

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Буревестник ауылы, Орталык  көшесі, 2-үй, тел: 8 (716 42) 2-20-32.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты жер қатынастары саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2021 жылы әкім аппараты қызметтің 2  түрі бойынша 5  қызмет көрсетті, соның ішінде:

- жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2 түрі бойынша 5 қызмет көрсетілді,  оның ішінде: электронды нысанда 5 қызмет.                       Тегін негізде 5 қызмет көрсетілді.

     Жалпы Буревестник ауылы әкімінің аппаратымен көрсетілген 5 қызметтің, 100 % барлық қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілді:

- жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен.

            3) Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызметтер:

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 4 немесе 100 %;

1) «Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ, сондай-ақ Егіндікөл ауданы әкімінің вебсайтындағы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар жүргізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізу: Facebook, Instagram, VK әлеуметтік желілерінде орыс тілінде 3 мақала жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) 2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру – жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ. Ауыл әкімінің аппаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ауыл әкімі аппаратында, аудан әкімінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізіледі;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен тексерулер 2021 жылы желтоқсан айында өткізілді.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша аппараттық кеңес өткізілді:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, ауыл әкімдігінің маманымен семинарлар өткізу;

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін азайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);

- көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.  Спиридоновка ауылының әкімі аппараттық кеңестерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру туралы тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді .

 

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы