Дүниежүзілік сайлау күні
Егіндікөл ауданы бойынша Дүниежүзілік сайлау күніне орай келесі іс-шаралар өткізілді:
2022 жылғы 2 ақпанда Егіндікөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы «Егіндікөл ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, «таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында дәріс өткізді.



№380 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен «таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында кездесу өткізді.


№390 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қоржынкөл ауылындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен «таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында кездесу өткізді.

03.02.2022 аумақтық сайлау комиссиясында Ашық есік күні өткізілді.
Төрағаның қабылдауына 3 адам, Полтавское ауылынан 1 адам, Егіндікөл ауылынан 2 адам келді. Қабылдауда келесі мәселелер айтылды: 1) сайлау комиссиясының құрамына қалай кіруге болады?. 2) Егіндікөл ауылындағы сайлау учаскелері неліктен 6-дан 3 учаскеге дейін қысқартылды?. 3) сайлау комиссиясының босатылған мүшесі сайлау науқанында қанша жалақы алады?. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.


