Егіндікөл ауданы әкімі аппараты конкурс комиссиясы
қорытынды мәжілісінің хаттамасынан көшірме
Егіндікөл ауылы 2021 жылғы 06 қаңтар
Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды, тестілеу және әңгімелесу қорытындыларын қарап, бірауыздан төмендегідей
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне 2022 жылғы 26 шілдеге дейін, негізгі қызметкердің көрсетілген уақыттан бұрын шығу құқығымен) әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Кантемиров Сергей Юрьевич ұсынылсын
Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Жапарова Асылтас Кәрімқызы ұсынылсын
Егіндікөл ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Мұхамедиянова Ирина Вениаминовна ұсынылсын.