Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап

төлемдердің көлемі арттыруы туралы

 

                Қазақстан Республикасының  2021 жылғы 02 желтоқсандағы «2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Заңына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;

  -    жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік     

      көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге;

 -    базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс 

      минимумының (КМ) шамасы – 36 018 теңге;

 -    жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге болып анықталған.

 

                                                                                                                                                     (теңге)

 

 2021 г. мөлшері

  2022 г. мөлшері

зейнетақының ең төмен мөлшерi

43 272

46 302

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері

18 524

19 450

айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

2 917

3 063

күнкөріс минимумының шамасы (КМ)

34 302

36 018

жалақының ең төмен мөлшерi

42 500

60 000

 

                2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.

                2022 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін  ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауға тиіс (140 898 теңге).

                Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, 1-ші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, АЕК мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Барлық сұрақтар бойынша  әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына - 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау).

 

                                                              «Азаматтарға арналған үкімет»МК»

                                                              КЕАҚ Ақмола облысы бойынша         

                                                              филиалының әлеуметтік төлемдерді

                                                              мониторингілеу басқармасы

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы