Меню

Страницы

Статья

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

 Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі  айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.

Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:

- Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері

- Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары

- Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты

- Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы

- Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы

ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.

Жәрдемақы мөлшері – 48.023 теңге

Дата публикации
09 декабря 2021
Дата обновления
09 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы