Меню

Страницы

Статья

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдан бастап зейнетақыны рәсімдеу

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдан бастап зейнетақыны рәсімдеу, базалық зейнетақы төлемін және БЖЗҚ-нан проактивті тәсіл арқылы зейнетақы төлемдерін тағайындау пилоттық жобасын енгізді.

Қазір зейнетақы жасына толар алдында 10 күн бұрын зейнетақы алушыға қызметті проактивті тәсілмен рәсімдеу ұсынысымен SMS хабарлама келеді.

Потенциалдық зейнетақы алушы міндетті түрде Азаматтардың Мобильді Базасында (АМБ) тіркелуі қажет және "Қазпошта" АҚ, "Ұлттық Банк" АҚ ашылған шоты болуы қажет.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап "Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосылуы орын алды.

Алдағы уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында проактивті режимде мемлекеттік қызмет көрсетуді ұлғайту жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 9 ай аралығында проактивті формада 6333 мемлекеттік қызметі көрсетілген.

Проактивті форматтың артықшылығы: кезектің болмауы және мемлекеттік қызметті кез келген уақытта, үйден шықпай-ақ рәсімдеу мүмкіндігі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

Ақмола облысы бойынша филиалы

Дата публикации
19 ноября 2021
Дата обновления
19 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру
Ақпарат
19 октября 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы