Меню

Страницы

Статья

Сұрақтар және жауаптар

Сұрақтар және жауаптар

 

Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филалы асыраушыдан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдеріне қатысты қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді.

 

 – Асыраушының біреуінен айырылған жағдайда қайтыс болушының асырауындағы адамдар қандай жәрдемақыға үміттене алады?

– Қайтыс болған асыраушысының қарауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына ие. Қайтыс болған адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған жағдайда, яғни жұмыс істеген және оған әлеуметтік аударымдар жіберілсе, онда қайтыс болған адамның қарауындағы отбасы мүшелері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемақы алуға құқылы болады.

 

– Егер 18-ден 23 жасқа дейінгі қызмет алушы күндізгі бөлімде оқитын болса және оған қоса жәрдемақылардың бірнеше түрін алатын болса (асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы,  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем,  көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) төлемдерін ұзарту үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына оқу орындарына қанша рет  анықтама ұсынуы қажет?

 –Әр жәрдемақы түрі үшін жеке 3 анықтама ұсынылады. Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы және көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны бюджет қаражаты есебінен базалық зейнетақы мемлекеттік төлемдерін ұсыну Ережелеріне қатысты 6 - Қосымша формасы бойынша анықтама беріледі, және де жасқа байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және іске асыру, мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік зейнетақы төлемдері, мемлекеттік арнайы төлемдері ұсынылады. 

 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемге  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (анықтау), айқындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 31 қосымшасының нысаны бойынша анықтама ұсынылады.

 

– Жоғары оқу орнынан кейінгі жүйе бойынша  (магистратура)күндізгі бөлімде оқитын, кәмелетке толған асырауындағы бала асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты  жәрдемақы мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқығы бар ма?

– Иә, оқу орнынан анықтама ұсынылған жағдайда, бірақ жасы 23 жастан аспауы қажет.

 

– Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны,  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді және көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны ұзарту үшін оқу орнынан анықтаманың көшірмесін ұсынуға бола ма, себебі анықтаманың түпнұсқасы военкоматқа тапсырылды?

– Жәрдемақы төлемдерін ұзарту үшін қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына оқу орнынан анықтаманың тек түпнұсқасын  ұсынады.

 

– Егер асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны,  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді алдында анасы алған жағдайда, бала өз атына аудара ала ма ?

 

– 18 жасқа толған кезде, егер оған жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінде күндізгі оқу бөлімінде оқу  және тағайындау үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда жәрдемақы оған қайта ресімделуі мүмкін.

– Егер қызмет алушы оқу орнынан ұсынылатын анықтаманы 1 қыркүйектен кейін ұсынатын болса, оған жәрдемақы төлемі қалай  қайта беріледі?

– Жәрдемақы төлемі 01.09.2020ж.бастап жаңартылады (егер жоғары орнынан ұсынған алдындағы анықтама бойынша төлем 31.08.2020ж. дейін төленсе), үлескерлік төлемдерден басқа.

 

Дата публикации
23 августа 2021
Дата обновления
23 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы