Зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу шоттары туралы не білуіңіз керек.
Ақмолалықтартүрлі жәрдемақыларды есепке алу үшін шотты қалай дұрыс ашу қажеттігі жөнінде жиі сұрақтар қояды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы арқылы 44 әлеуметтік төлем іске асырылады. Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация филиалының әлеуметтік төлемдерді есептеу басқармасының басшысы Макенова Ақмарал Кенесовна бүгін әлеуметтік төлемдерді есептеу шоттары жайлы не білу қажеттігін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің «Әлеуметтік және еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау кезінде қызмет алушы екінші деңгейдегі банктерден немесе «Қазпошта» АҚ-да банктік шот нөмірі туралы ақпаратты ұсынады, олармен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ» зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша банктік қызметтерді ұсыну туралы келісім жасалды.
Осыған байланысты, Мемлекеттік корпорация қызмет алушыларға әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін банктік және банктік шотты таңдауға шектеу қоюға құқылы емес, яғни алушы қай банкте және қай шот ашу керектігін өзі анықтайды. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды есептеу үшін қарастырылған жеке немесе карт-шот төлем алушының атында болуы керектігін ескеру қажет.Үшінші тұлғаларға 20 сандық шот ашқаны туралы хабарлама жіберілмейді.
Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «Қазпочта» АҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалымен, «Халық Банкі» АҚ, «Kaspi Bank», «Jysan Bank», «ЦентрКредит Банкі» АТФБанк, Forte bank, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және басқа банк филиалдарымен осы бағытта жемісті жұмыс істейді.
Әлеуметтік төлемдерді есепке алу үшін арнайы шоттар бойынша нақтылап жеке түсіндіргім келеді. Бұл шот мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер сомасынан аударымдарды болдырмау үшін ашылады.
Алайда, бұл шоттар тек мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ашылатындығын атап өткен жөн. Арнайы шоттарға келесі төлемдерді аударуға рұқсат етілмейді: зейнетақы; базалық зейнетақы төлемі; міндетті зейнетақы жарналары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаттарынан зейнетақы төлемдері; Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу; капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына банкроттық салдарынан жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін төлеу. Бұл төлемдерді екінші деңгейдегі банктердегі және «Қазпочта» АҚ арнайы шоттарына аудару кезінде сомалар автоматты түрде Мемлекеттік корпорацияның шотына қайтарылады.
Толық ақпаратты алу үшін облыс тұрғындары 1414 Біріңғай байланыс-нөміріне қоңырау шалуына болады – әлеуметтік-еңбек саласындағы сұрақтар бойынша (қосымша нөмір - 4, қоңырау тегін.