Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде Егіндікөл ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Абай сайлау округі

Абай ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 58 азамат енгізілді, олардың 54-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Карбекова М.Е. – 52; Рахметова Г. Т. – 0; Тапалов Д. Б. – 0.

1970 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, «Nur Otan» партиясы ұсынған Абай ауылында тұратын Қарбекова Майгүл Ерденқызы Абай ауылының әкімі болып сайланды.

Жалманқұлақ сайлау округі

Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 119 азамат енгізілді, олардың 117-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ахметов Ж. З. - 107; Селицкая О. Н. – 3; Трысбаева А. Е. – 7.

1979 жылы туған, Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі, «Nur Otan» партиясы ұсынған Егіндікөл ауылында тұрады Ахметов Жолымбет Зейнұлғабиденұлы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі №1 және №2 шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Егіндікөл ауданының Абай ауылы және Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімдерін тіркеді.

 

Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру
Ақпарат
19 октября 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы