Егіндікөл ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерін тіркеу қорытындысы
Егіндікөл ауданында 2 сайлау округіне 6 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (33 %) – «Nur Otan» саяси партиясы, 4 (66,7 %)- өзін-өзі ұсыну арқылы.
Ағымдағы жылғы 14 шілде сағат 18.00 - дегі жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді, оның ішінде 2 - саяси партиялар, 4 -өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Орташа бәсекелестік-3 адам.
Саяси партиялардан «NurOtan» партиясы өз кандидаттарын ұсынды - 2 кандидат.
2 кандидат мемлекеттік қызметші, 3-бюджеттік сала қызметкерлері, 1-уақытша жұмыс істемейді болып табылады.
Орташа жасы 40 жасты құрады.
Абай ауылдық округі бойынша келесі кандидаттар тіркелді:
- Карбекова Майгүл Ерденқызы, 1970 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Абай ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған.
- Рахметова Гүлназ Төлегенқызы, 1979 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің жалпы орта білім беретін Полтавское орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және математика пәнінің мұғалімі, Полтавское ауылынды тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Тапалов Дархан Берікұлы, 1980 жылы туған, «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маман, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жалманқұлақ ауылдық округі бойынша келесі кандидаттар тіркелді:
- Ахметов Жолымбет Зейнулғабиденұлы, 1979 жылы туған, Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі, Егіндікөл ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған.
-Селицкая Оксана Николаевна, 1976 жылы туған, Егіндікөл ауданы әкімдігінің «№2 Егіндікөл орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Трысбаева Әсел Еркінқызы, 1979 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің жалпы орта білім беретін Ұзынкөл орта мектебі» КММ директордың міндетін атқарушы, Ұзынкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы