Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді

ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 34 үй мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 10 мамырдан бастап 2021 жылғы 28 мамырдын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2021 жылдың 31 мамырда сағат 10.00-де мекен-жай Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23 үй.

 

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (лоттың №)

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Алаңы (га)

Бонитет балы

Топырақ сипаттамасының сапасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

1

(№ 1 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:                    табиғи жайылым

349,2:

349,2

14,7

қара топырақ

суарылады

мал шаруашылығы

2

(№ 2 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:       жақсартылған жайылым табиғи жайылым

600,0:

78,0

522,0

9,9

қара топырақ

суландырылмаған

мал шаруашылығы

3

(№ 3 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:                    табиғи жайылым

240,4:

240,4

12,0

қара топырақ

суландырылмаған

мал шаруашылығы

4

(№ 4 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:                    табиғи жайылым

241,7:

241,7

9,4

қара топырақ

суарылады

мал шаруашылығы

5

(№ 5 лот)

Бірсуат ауылдық округі

Барлық:

егістік

табиғи жайылым

222,0:

32,1

189,9

14,7

қара топырақ

суландырылмаған

мал шаруашылығы         мал азығы өндірісі

6

(№ 6 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

егістік

табиғи жайылым

 

221,8:

8,0

213,8

19,5

қара топырақ

суландырылмаған

мал шаруашылығы         мал азығы өндірісі

7

(№ 7 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

табиғи жайылым

50,0

13,2

қара топырақ

суарылады

мал шаруашылығы

8

(№ 8 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:                    егістік

45,1:

45,1

117,1

42,5

қара топырақ

суландырылмаған

өсімдік шаруашылығы

9

(№ 9 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

табиғи жайылым

290,0:

290,0

16,2

қара топырақ

суландырылмаған

мал шаруашылығы

10

(№ 10 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

егістік

табиғи жайылым

290,0:

134,0

156,0

19,1

қара топырақ

суарылады

мал шаруашылығы         мал азығы өндірісі

11

(№ 11 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

егістік

табиғи жайылым

290,0:

29,0

261,0

16,3

қара топырақ

суарылады

мал шаруашылығы         мал азығы өндірісі

12

(№ 12 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

егістік

табиғи жайылым

290,0:

103,0

187,0

21,8

қара топырақ

суарылады

мал шаруашылығы         мал азығы өндірісі

13

(№ 13 лот)

Уәлихан ауылдық округі

Барлық:

егістік

табиғи жайылым

581,0:

41,0

540,0

16,2

қара топырақ

суландырылмаған

мал шаруашылығы         мал азығы өндірісі

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағындағы көрсетілген ақпараты қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста қамтылуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Біржан сал ауданы әкімдігінің birzhansal_zo@aqmola.gov.kz интернет-ресурстарында немесе Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71639)21473 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
06 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру
Ақпарат
19 октября 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы