Қазақстан Республикасы
экономика және бюджетті жоспарлау
Министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы
№193 бұйрығына
қосымша 2
«Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп.
1) Қызмет көрсетуші туралы ақпарат.
«Егіндікөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 33, тел: 8 (716 42) 2-53-63.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеті мемлекеттік қызмет көрсетті:
Мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілді:
- Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы;
- Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрығы;
- Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығы.
3) Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Елді мекен шекарасында объект салуға жер учаскесін беру.
1) «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ Егіндікөл ауданы әкімінің веб-сайтындағы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.
1) 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру «Е-лицензиялау» бағдарламасын іске асыру түрінде жүзеге асырылды.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету және сапасын арттыру бойынша біліктілікті арттыру курстарына қызметкерлер қатысқан жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін заңнамалық жетілдіру - жүргізілмеген.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында аппарат мақсатты жұмыс жүргізеді. Осылайша, 2020 жылы аппарат мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті:
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы стендтер мен әлеуметтік желілер арқылы уақтылы хабардар ету;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің артуы (түсіндіру шаралары);
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды кеңінен насихаттау және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу.
Ұзынкөл ауылдық
округінің әкімі: С.О. Сулейменова