«Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп.
1) Қызмет көрсетуші туралы ақпарат.
«Егіндікөл ауданының Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Полтавское ауылы, Центральная көшесі,16А, тел: 8 (716 42) 2-33-99.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызметтердің саны - 2 түрі бойынша
-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»;
-«Конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) қажет етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
Барлық қызметтер ақысыз көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.
Барлығы 17 қызмет көрсетілді, оның ішінде 17 қызмет электронды түрде, 0 қызмет қағаз түрінде ұсынылды.
- Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) қажет етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу».
1) «Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ Егіндікөл ауданы әкімінің веб-сайтындағы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.
2) тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1)2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі - «Конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) қажет етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» автоматтандырылды.
2)Мемлекеттік қызметтерді көрсету және сапасын арттыру бойынша біліктілікті арттыру курстарына қызметкерлер қатысқан жоқ.
3) Халық арасында ЭСҚ ашу туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
1)Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері: көрсетілген қызметтер - 17, электрондық үкімет порталы арқылы - 17. Мемлекеттік органда тікелей көрсетілген қызметтердің саны - 0. Қызметтерді алған адамдардың саны -17.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2) 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен тексерулер жүргізілген жоқ.
3) 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында аппарат мақсатты жұмыс жүргізеді:
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы стендтер мен әлеуметтік желілер арқылы уақтылы хабардар ету;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Алакөл ауылдық округінің әкімі М. Жетпісов