Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына
қайталап конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына қайталап конкурс 2026 жылғы 13 тамызда Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6-үй мекенжайы бойынша өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа маршруттардың мынадай пакеттері (маршруттары) шығарылады:
|
№р/с |
Қозғалыс маршруты |
Бастапқы пунктінен шығу уақыты |
Соңғы пунктінен шығу уақыты |
Шығу күндері |
|
№1 лот |
Ауданішілік маршрут Егіндікөл -Спиридоновка Спиридоновка -Егіндікөл Егіндікөл -Спиридоновка Спиридоновка -Егіндікөл |
08:00
08:30
13:00
13:30 |
08:30
09:00
13:30
14:00 |
Аптасына 3 рет |
Конкурсқа жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес тасымалдаудың осы түрін ұйымдастыруға қабілетті, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автобустары, шағын автобустары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ конкурстық құжаттар жинағын алу үшін жазбаша өтінімді мына мекенжайы бойынша тапсырады: Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 2-үй
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 11 тамыз. Анықтама алу үшін 8-716-42-2-19-20.телефонына хабарласуға болады.