Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстау форматы іске қосылды

Ақмола облысында туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстау  форматы іске қосылды

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматы енгізілді. Енді ата-аналар баласының туу туралы куәлігін перинаталдық орталықтар мен ауруханалардың перзентхана бөлімдерінде салтанатты түрде ала алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы.

Құжатты рәсімдеу мен табыстау рәсімі перзентханадан шығару кезінде мерекелік атмосферада өткізіледі.

Алғашқы салтанатты рәсімдердің бірі Аршалы ауданында өтті. Жаңа туған сәбидің ата-анасына туу туралы куәлік медицина қызметкерлері мен жақындарының қатысуымен табысталып, ерекше мәнге ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ресми бюрократиялық үдерісті есте қаларлық отбасылық оқиғаға айналдыруға мүмкіндік береді. Қызмет бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Құны 6 733 теңге.

Жаңа формат мемлекеттік сервисті одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы