2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Егіндікөл ауданы әкімінің,
ауыл және ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша
Егіндікөл ауданының әкімі Ю.В. Курушиннің берген
тапсырмаларының тізбесі
|
р/с №
|
Іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Бауман ауылының Пушкин көшесінен Мир көшесіне дейін қысқа көшеге тас төсеу |
2026 жылғы 15 маусымға дейін |
Құлахметов А.Ж.
|
|
2. |
Сумен жабдықтау жүйесінің ақауларын жою және «Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-ге су беруді қамтамасыз ету |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Криксина Е.В. (келісу бойынша) |
|
3. |
Қоржынкөл ауылында қоршауы бар футбол алаңын орнатуға сметалық құжаттама әзірлеу |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Ахметжанов Ғ.А. |
|
4. |
«АЭҮК» АҚ Бас директорына Полтавское және Көркем ауылдарын электр желілерін жаңғырту жоспарына қосу туралы өтініш беру. |
2026 жылғы 15 маусымға дейін |
Жылқыбаев М.Қ. |
|
5. |
Буревестник ауылының медициналық пунктімен бірге ауыл әкімдігі ғимаратының құрылысы жобасын әзірлеу
|
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Аятхан А. |
|
6. |
Ұзынкөл ауылында балалар алаңын салуға смета әзірлеу
|
2026 жылғы 15 маусымға дейін |
Сүлейменова С.О. |
|
7. |
Спиридоновка ауылынан Жұлдыз ауылының Қоңыртүбек көшесіне дейін су құбырын салуға ЖСҚ әзірлеу мүмкіндігін қарастыру |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Бексарынов А.Ш. |
|
8. |
Мердігерді шақыру және Спиридоновка ауылының Егіндікөл көлі бөгетінің құрылысы бойынша ақауларды жою |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Башенов А.Қ. |
|
9. |
Егіндікөл ауылында Жамбыл, Жеңіс, Ленин көшелеріндегі жеке үйлерді орталық жылытуға қосу мүмкіндігін есептеу |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Коос О.А. |