2025 жылдың екінші жартыжылдығында
аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында
Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспары
|
р/с №
|
Іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Оырндалғаны туралы ақпарат |
|
1. |
Полтавское ауылының аумағындағы су құбыры апаттарына жөндеу жүргізу |
2025 жылғы 26 қарашаға дейін |
Әбіш Қ.Қ. Ахметов Қ.М. Қарабұзауов М.Б Осипов С.Х (келісу бойынша) |
Орындалды. 9 су құбыры апаты жөнделді. 6-ы ауылдың ішінде Ружинский, Центральный, Мир, Восточная, Историческая көшелері бойынша, 3-еуі негізгі су құбыры магистралінде. |
|
2. |
«Бауманское – 2030» ЖШС қызметкерлерінің жалақысын беру, сондай-ақ пай жерлері үшін жем-шөп беру мәселесін бақылауда ұстау.
|
үнемі |
Әбіш Қ.Қ. Құлахметов А.Ж.
|
Орындалуда «Бауманское-2030» ЖШС қызметкерлеріне жалақы 75% төленді, пай жерлері үшін жем-шөп (астық қалдықтары) берілді. Жалақы төлеу мәселесі тұрақты бақылауда. |
|
3. |
Бауман ауылы ФАП-ының жедел жәрдем машинасына жөндеу жүргізу |
2026 жылғы 1 наурызға дейін |
Қиякбаева Ә.И. – (келісу бойынша) |
Орындалды. Бауман ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінің автокөлігі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап пайдалануға берілді, жедел жәрдем машинасы штаттық режимде жұмыс істейді
|
|
4. |
Спиридоновка ауылының балалар алаңдарына жөндеу жүргізу және ауыл алаңдарында қоқыс жәшіктерін орнату
|
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Башенов А.Қ |
Орындалуда Балалар алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, алтыбақан, қоршаулар сырланып, жөндеулде. Қалған мәселелер бойынша сметалық құжаттама дайындалып, бюджеттік комиссияға өтінім берілді.
|
|
5. |
«Спиридоновка - Егіндікөл» автобус маршрутын ашу мүмкіндігін қарау |
2026 жылғы 1 шілдеге дейін |
Қарабұзауов М.Б. Придан С.В. Башенов А.Қ |
Орындалуда Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі маршрут ашуға құжаттар дайындауда |
|
6. |
Аудандық маңызы бар Спиридоновка – Жалманқұлақ автомобиль жолының кеңею орындарын инертті материалмен себу, сондай-ақ осы жолдағы су өткізу сақиналары орнатылған жерлерде жер үйіндісін жинау.
|
2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін . |
Әбіш Қ.Қ. Қарабұзауов М.Б |
Орындалды. Аудандық маңызы бар Жалманқұлақ - Спиридоновка автомобиль жолына жөндеу жұмыстары аяқталды «B&S 2017» ЖШС мердігерлік ұйымы диаметрі 1,5 метр болатын 7 дана су өткізгіш сақиналарды орнатты, сондай-ақ инертті материалмен себу және жол төсемін профильдеу жүргізілді, сондай-ақ су өткізгіш сақиналарды орнату орындарында жер үйіндісін жинау жүргізілді.
|
|
7. |
«Қоржынкөл А» ЖШС-нан Қоржынкөл ауылының ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын өтеусіз негізде қабылдау жүргізілсін.
|
2026 жылғы 1 шілдеге дейін. |
Әбіш Қ.Қ. Придан С.В. Құсайынова Г.А.
|
Орындалуда Қоржынкөл ауылының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының меншік иесіне «Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқық алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ғимаратты беру тәртібі бойынша түсініктеме берілді.
|