Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясының қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті

 

2025 жылдың 23 тамызы Ақмола облысы Щучинск қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында ХҚКО-лардың 20-жылдығына арналған республикалық спартакиада өтті. Бұл жарыс облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда өткен аймақтық сайыстардың қорытынды кезеңі ретінде ұйымдастырылды.

 Финалдық кезеңге Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Спартакиаданың бағдарламасына мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тарту жарыстары кірді. Іс-шараның басты мақсаты – корпоративтік мәдениетті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және Мемлекеттік корпорацияның филиалдары мен бөлімшелері арасындағы өзара байланыс пен командалық рухты арттыру болды.

Финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша бірінші орынды –Шымкент қаласының командасы, екінші орынды – Түркістан облысы, ал үшінші орынды – Алматы қаласының командасы иеленді.

Маңыздысы, республикалық спартакиада Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толуымен сәйкес келіп, демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің ынтымақтастығын арттырып, корпоративтік құндылықтарын дамытуға ықпал етіп келеді.

Дата публикации
26 августа 2025
Дата обновления
26 августа 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы