Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде: постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді

Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде: постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы цифрландырудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін заманауи шешімдерді ХҚКО жұмысына енгізуді жалғастыруда. Осындай оңтайлы шешімдердің бірі – постоматтар.  Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін икемді және ыңғайлы ететін,  дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға арналған құрылғы.

Осы жылдың басынан бастап қазақстандықтар фронт-офистердің жұмыс кестесіне байланбай, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы 1623 рет құжат алды. Бүгінде постоматтар еліміздің 10 өңірінде, 14 жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «24/7 аймақтарында» орнатылған. Бұл шешім ХҚКО-лардағы дайын құжаттарды беру секторларына түсетін жүктемені едәуір азайтуға және қызмет көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда құрылғы сұранысқа ие 19 мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуды қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктері мен мұрағаттық анықтамалары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың және барлық деңгейдегі білім туралы құжаттардың телнұсқалары. Сондай-ақ, сервис арқылы апостиль қойылған ресми құжаттарды және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің нәтижелері беріледі.

Бұл сервисті пайдалану мүмкіндігі құрылғы орнатылған Мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінде мемлекеттік қызмет алуға өтініш беру сәтінде рәсімделеді.  Ол үшін қызмет алушы құжатты постомат арқылы алғысы келетіндігі туралы маманға хабарлау қажет. Дайын болған құжат постоматқа салынғаннан кейін қызмет алушыға өтініш нөмірі, постомат мекенжайы, сақтау мерзімі және  6 таңбалы құпия сөзі бар  SMS-хабарлама жолданады. Дайын құжатты алу үшін қызмет алушы құрылғыға SMS-хабарламадағы кодты енгізіп, жеке басын биометриялық сәйкестендіруден өткізуі қажет. Осыдан кейін ұяшық автоматты түрде ашылады.

Ескере кететін жайт, дайын құжатты жеке ұяшықтан 3 күн ішінде алу керек. Егер белгіленген мерзімде құжатты ала алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу бойынша өтініш рәсімделген ХҚКО-ға қайтарылады. 

 

 

Постоматтар орнатылған ХҚКО-лардын мекенжайларының тізімі:

 № 

Аймақ

ХҚКО мекенжайлары

 1

Астана қ.

Керей, Жанибек хандар көшесі, 4  

 2

Астана қ.

Республика даңғылы, 43

 3

Алматы қ.

Медеу ауданы, Марков көшесі, 44

 4

Алматы қ.

Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, 51

 5

Алматы қ.

Алатау ауданы, Нұркент шағын ауданы, 5/17

 6

Шымкент қ.

Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі, 13А

 7

Жамбыл облысы

Тараз қ., Төле би даңғылы, 89Г

 8

Жамбыл облысы

Қордай ауылы, «Батыс» тұрғын алабы, 25 ғимарат

 9

Карағанды облысы

Карағанды қ., Қазыбек би ауданы, Тәттімбет көшесі,709

 10

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., Астана даңғылы, 46

 11

Павлодар облысы

Павлодар қ., Павлов көшесі, 48

 12

Түркістан облысы

Түркістан қ., 160 орам, 236 құрылыс

 13

Ақмола облысы

Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 189А

 14

Абай облысы

Семей қ., 408 квартал көшесі, 21

 

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
18 июля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы