Меню

Страницы

Статья

Сұрақтар және жауаптар

Сұрақтар және жауаптар

  1. Асыраушының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болушының асырауындағы адамдары қандай төлемдерге үміттене алады?

Қайтыс болған асыраушысының қарауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына ие.

               Қайтыс болған адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған жағдайда, яғни жұмыс істеген және оған әлеуметтік аударымдар жіберілсе, онда қайтыс болған адамның қарауындағы отбасы мүшелері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемақы алуға құқылы болады.  

  1. Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді және көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны бір мезгілде алатын, қызмет алушы18-ден 23 жасқа дейінгі, күндізгі бөлімде оқитын асырауындағы балаға жәрдемақы төлемдерін ұзарту үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына оқу орнынан 1 анықтама немесе 3 анықтама ұсынуы қажет?

            Әр жәрдемақы түрі үшін жеке 3 анықтама ұсынылады. Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәнекөп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6 қосымшасының нысаны бойынша анықтама ұсынылады. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚасыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемге  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (анықтау), айқындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 31 қосымшасының нысаны бойынша анықтама ұсынылады.  

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі жүйе бойынша (магистратура)күндізгі бөлімде оқитын, кәмелетке толған асырауындағы бала асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты  жәрдемақы мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқығы бар ма?

Иә, оқу орнынан анықтама ұсынылған жағдайда, бірақ жасы 23 жастан аспауы қажет.  

  1. Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді және көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны ұзарту үшін оқу орнынан анықтаманың көшірмесін ұсынуға бола ма, себебі анықтаманың түпнұсқасы военкоматқа тапсырылды?

Жоқ, жәрдемақы төлемдерін ұзарту үшін қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынаоқу орнынан анықтаманың түпнұсқасын  ұсынады. 

  1. Егер асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемдіалдында анасы алған жағдайда, бала өз атына аудара ала ма ?

Иә, асырауындағы бала 18 жасқа толған кезде, оған жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінде күндізгі оқу бөлімінде оқыған  және тағайындау үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, жәрдемақы оған қайта ресімделуі мүмкін. 

  1. Егер қызмет алушы оқу орнынан ұсынылатын анықтаманы 1 қыркүйекте ұсынатын болса, оған жәрдемақы төлемі қалай жаңартылады?

Жәрдемақы төлемі 01.09.2020ж.бастап жаңартылады (егер жоғары орнынан ұсынған алдындағы анықтама бойынша төлем 31.08.2020ж. дейін төленсе), үлескерлік төлемдерден басқа.

  

«Азаматтарға арналған үкімет»

Ақмола облысы бойынша филиалы

Дата публикации
27 августа 2020
Дата обновления
27 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру
Ақпарат
19 октября 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы