|
бұйрығына қосымша/ бұйрығымен бекітілген/ бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша/ бірлескен қаулысы мен шешімімен бекітілген |
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Азаматтарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Рсепубликасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан, облыстық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
аудан, облыстық маңызы бар қала жергілікті әскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
аудан, облыстық маңызы бар қала денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының
2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________________
________________________________________
әскерге шақыру комиссиясының төрағасына
мынадай мекенжай бойынша тұратын:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
телефоны________________________________
Өтініш
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру себебі көрсетілсін)
әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруыңызды сұраймын
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Күні _________________
Қолы ______________
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Порталдың «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесі арқылы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: 1 наурыздан 30 маусымға дейін; 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) порталда – 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.egov.kz порталында орналасқан. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті атқарушы орган береді); әскерге шақырылушының асырауында мынадай отбасы мүшелерінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі: әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесі; ата-анасы болмаған кезде бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері; әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi); өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi); бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi; отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады; 2) өзiнiң асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті атқарушы орган береді); қамқоршысы болып табылатындығы туралы сот қаулысының электрондық көшірмесі; 3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті атқарушы орган береді); қамқоршысы болып табылатындығы туралы сот қаулысының электрондық көшірмесі; 4) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті атқарушы орган береді); 5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; денсаулық жағдайын зерттеу актісінің электрондық көшірмесі (медициналық тексеру аяқталғаннан кейін емдеу ұйымы береді, актіге бас дәрігер, бөлімше меңгерушісі және медициналық тексеруді жүргізген дәрігер қол қояды); 7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 8) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 9) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; депутаттық қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушы туралы анықтау және алдын ала тергеу органдарынан алынған және оған қатысты сот қылмыстық істерін қарап жатқан әскерге шақырылушы туралы соттардан алынған, сондай-ақ оған қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі; 11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; оқып жатқанын растайтын құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан алынған анықтаманың электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, баланың (балаларының) туу туралы, зайыбының қайтыс болуы туралы, некеге тұруы туралы құжатының деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
10 |
Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады. |
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы
қорытынды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ____________________________________________________________________
(әскерге шақыруды кейінге қалдырудың себебі)
Сізді әскери қызметке шақыру 20____ жылғы «___» ______________ дейін кейінге қалдырылды.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
______________________________________________________ _______
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы «___»____________
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы
хабарлама
Осы қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауына байланысты әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
______________________________________________________ _______
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы «___»____________
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары