Меню

Страницы

Статья

Ақмолада жыл басынан бері 2 мыңнан астам адам зейнетке шықты.

Ақмола облысында жыл басынан бері жасы бойынша зейнетақы тағайындауға 2224 адам өтініш берді. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 2026 адам зейнетке шыққан, –деп, «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлайды.

Еліміз бойынша зейнет демалысына шыққандар арасынан Алматы облысы көш бастап тұр. Мұнда 5 мың адамнан астам адам зейнетке шықты. Одан кейін Түркістан облысында (4,5 мыңннан астам) Шығыс Қазақстан облысында (3,8 мың адамнан астам) зейнет жасына жеткен. Жеті ай ішінде зейнетке шығу көрсеткіші ең аз Атырау облысы болған. Мұнда бар-жоғы 1295 адам зейнетке шыққан.
Жасы бойынша зейнетке шығу үшін азаматтар зейнет жасына дейін 10 күн қалғанда “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына өтінім береді. Ол үшін алдын ала egov.kz порталында немесе eGovKzBot2.0 телеграм-бот құралында кезекті броньдауы тиіс.
Сонымен бірге, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік корпорация зейнетке шығуға өтінім беруді eGov.kz порталында электронды өтінім беру жолымен қашықтан беру мүмкіндігін қарстырған.
Мұндай әдіспен зейнетке шығуға өтінім беру үшін азаматтар электронды-цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталында тіркелуі қажет. Одан әрі “Электронды өтінімдер” сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі тиіс. Бұдан кейін поштьалық мекенжай, телефон, қызмет атауы сияқты жеке ақпараттарды толтыру керек.
Осыдан кейін сканерден өткізілген құжаттар көшірмелерін (қажетті құжаттардың тізімін 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының “Мемлекеттік қызмет стандарттары” бөлімінен білуге болады) қызмет алушының жеке қолымен өтінішін жүктеу қажет. “Кімге?” сұрағына “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы филиалын көрсеткен жөн. Өтінім аяқталғанда ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік корпорация қызметкерлері көрсетілген телефон бойынша өтінім берген азаматпен хабарласады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы жауап қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі мен БЖЗҚ зейнетақы төлемдері бір өтінішпен берілетінін атап өткен жөн.

«Азаматтарға арналған үкімет»

Ақмола облысы бойынша филиалы

Дата публикации
06 августа 2020
Дата обновления
06 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы