Денсаулық сақтау - халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік сала.
Әрбір адамның дене және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, салауатты өмірді қолдауға және денсаулық нашарлаған кезде медициналық көмек көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттағы шаралар жиынтығын білдіреді. Ол үшін арнайы әлеуметтік институттар құрылуда.