ХАБАРЛАНДЫРУ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы «Егіндікөл Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы «Егіндікөл Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 05 маусымға дейінгі мерзімде Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы «Егіндікөл Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының м.а. Ниязбек Сұлтанұлы Мейрамовқа 2-20-97 телефоны бойынша хабарласуға болады.