Ақмола облысы Егіндікөл ауданының сайлау округінің шекарасын, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы №15/8 «Егіндікөл ауданының Егіндікөл ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес Егіндікөл ауданының сайлау округінің шекарасын, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамын хабарлаймыз.
Егіндікөл ауданының Егіндікөл ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округі:
- Егіндікөл ауылы әкімінің – Егіндікөл ауылы шекарасында Егіндікөл сайлау округі;
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 7, Егіндікөл ауданының аудандық әкімдігінің ғимараты, телефоны 8(71641)2-11-66
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы