Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы
әкімінің сайлауын тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалды.
Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің сайлауын даярлауға және өткізуге арналып бекітілген негізгі күнтізбелік шаралар жоспары бойынша:
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері болуға кандидаттарды ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар- өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін–өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі жүргізеді, 2024 жылғы 28 наурызда басталып, 2024 жылғы 9 сәуірде аяқталады.
(113-3 б)
Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік беру 2024 жылғы 28 наурызда басталады және 2024 жылғы 14 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
(113-5 б)
Егіндікөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы