Зейнетақы төлемін алдын ала есептеуге қатысты
Зейнетақы төлеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы азаматтарға зейнетақы төлемдерін алдын ала есептеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
Кеңес беру және алдын ала есептеу үшін өтініш беруші зейнеткерлік жасқа толғанға дейін үш айдан ерте емес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшелеріне жүгіне алады.
Кеңес алу үшін жеке басын куәландыратын құжат және еңбек кітапшасын, білімі туралы құжатты, әскери билетті ұсыну қажет. Сондай-ақ әйелдер неке куәлігін, балалардың туу туралы куәліктерін ұсынуы керек. Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда мұрағаттық анықтамаларды, сот шешімін, еңбек өтілін растайтын құжаттарды ұсына Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері өтініш беруші ұсынған құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексереді. Қызмет өтілін есептеу үшін қажетті құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, филиал қызметкері өтініш берушіге сәйкессіздіктерді қосымша құжаттармен растау үшін мемлекеттік органдарға немесе басқа мекемелерге жүгіну қажеттілігі туралы хабарлайды.(мұрағат анықтамасы, сот шешімі және т.б.) Филиал қызметкері өтініш берушіге кеңес беру және зейнетақы төлемін алдын ала есептеу туралы ақпаратты қағаз түрінде береді.
Мемлекеттік корпорация филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшелеріне қолма-қол жүгінген кезде өтініш беруші консультация мен алдын ала есеп-қисапты сол күні алады.
Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік және зейнетақы мәселелері бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Зейнетақы төлемін алдын ала есептеуге қатысты