Меню

Страницы

Статья

Зейнетақыңызды дер кезінде рәсімдеңіз

Зейнетақыңызды дер кезінде рәсімдеңіз

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) жалпыға белгiленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейiн 59 жасқа, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан — 59,5 жасқа толғанда), I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандардың Қордан мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебiнен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы екендiгiн тағы да еске салады.

Айта кетелiк, 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттiк зейнетақылар мен БЖЗҚ төлемдерiн рәсiмдеу үшiн бiрыңғай өтiнiш пен құжаттар топтамасын «Бiр терезе» қағидаты бойынша ұсынуды жүзеге асыру мақсатында Композиттiк қызмет енгiзiлген болатын. Осылайша зейнет жасына толған азаматтар Қор төлемдерiн рәсiмдеу үшiн жергiлiктi Халыққа қызмет көрсету орталығына, ал I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар Қордың өз кеңсесiне немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса, Қор сайты арқылы өтiнiш бередi. Зейнетақы төлемдерi өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады және жинақталған қаражат таусылғанша жүзеге асырылады. Бұл ретте өтiнiш пен құжаттар топтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығына (яғни, зейнет жасына толуға) 10 күн қалғанда беруге болатындығын айта кеткен жөн.

Алушы Қор төлемдерiн рәсiмдеу үшiн өтiнiшпен қатар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен салыстыру үшiн түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлiмет ұсынады. Оның осы шотына Қор төлемдерi мен мемлекеттiк зейнетақылар ай сайын бiр мезетте түсiп тұрады.

Қордан зейнетақы жинақтарын бiржолғы төлем ретiнде де алуға болады. Бiрақ бiржолғы төлем зейнетақы жинақтарының көлемiне байланысты жүзеге асырылады. Егер зейнеткер өтiнiш берген күнi оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгi зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаса, бұл сома алушыға бiр рет толығымен төленедi. Биыл (2019 жылы) ең төменгi зейнетақының көлемi: 36 108 теңге. Сәйкесiнше оның 12 еселенген мөлшерi: 433 296 теңге.

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлiк жасқа толған және зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерiн алу қажеттiлiгi туралы үнемi хабарлап тұрады. Бiрақ соған қарамастан қазiргi уақытта зейнет жасына толған 200 мыңнан астам адам әлi күнге дейiн БЖЗҚ-ға келiп өтiнiш жасамаған.

Дейтұрғанмен БЖЗҚ биыл жалпы сомасы 134 миллиард теңгеге 1,4 миллиондай төлемдi жүзеге асырды. Оның iшiнде белгiленген кесте бойынша ғана емес, зейнет жасына толуға байланысты бiржолғы төлемдер, сондай-ақ мүгедектiкке, жерлеуге, мұрагерлiкке және шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер де бар.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы

Дата публикации
09 июня 2020
Дата обновления
09 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында Егіндікөл ауданының тұрғындары айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы