2023 жылғы 4 маусымда
Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 04 маусымда Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімнің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Буревестник сайлау округі
Буревестник ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 77 азамат енгізілді, олардың 64-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аятхан А. – 50; Жахиенова А.З. – 6; Карабекова А.К. – 5.
1987 жылы туған, «Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Полтавское ауылында тұратын Аятхан Айболат, Буревестник ауылы әкімі болып сайланды.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 05 маусымдағы №1 шешімімен сайланған Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімін тіркеді.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы