Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Буревестник ауылы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
1.Буревестник ауылы - әкімдігіне кандидаттар болып тіркелсін:
- Аятхан Айболат - 04.12.1987 жылы туған, «Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, Полтавское ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
- Жахиенова Әлия Зейноллақызы - 27.03.1978 жылы туған, «Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Карабекова Айнұр Көлбайқызы - 05.02.1984 жылы туған, «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы