Егіндікөл аудандық мәслихатының
депутаттары мен аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда сағат 10.00-де Егіндікөл ауылында жаңадан сегізінші сайланған Егіндікөл аудандық мәслихатының бірінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.
Сессияның қарауына «Аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы» және басқа да мәселелер енгізіледі.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
С.Ж. Жаңабаев